Балуан Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында қола медальға ие болды
© Сурет: olympic.kz
Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлем біріншілігі аясында Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбекстандық Улугбек Рашидовты айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ Бейбарыс Ерғали 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде АҚШ өкілі Джеймс Мастниге жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс медальға ие болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:25, 26 тамыз 2026
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті
-
17:54, 26 тамыз 2026
Құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан екі қола медаль иеленді
-
17:07, 26 тамыз 2026
Жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты: Қазақстан 26 медаль еншіледі
-
16:20, 26 тамыз 2026
«Аль-Наср» Роналдусыз және 10 ойыншымен камбэк жасап, «Аль-Иттифакты» жеңді
-
13:24, 26 тамыз 2026
Скатов US Open-2026 іріктеуінің жартылай финалына өтті және ол Димитровпен кездеседі





