Алматы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңін қабылдайтын болды

© Сурет: Instagram/afckairat
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребесі тартылды. Рәсімнің қорытындысы бойынша алматылық "Қайрат" С кіші тобына түсті, оған сәйкес ойындар Алматыда 23-26 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматылықтар өз алаңында чехтың "Хрудим", Мальта елінің "Люксолын" және 2010 жылғы мини-футболдан УЕФА Кубогының иегері "Бенфика" португал командасын қабылдайды.
Элиталық кезеңдегі С квартетінің матчтары 2022 жылдың 23-26 қараша аралығында Алматыда өтеді, деп хабарлайды "Қайрат" ФКҚ баспасөз қызметі.
Кіші топтың жеңімпазы 2023 жылдың 4-5 және 6-7 мамырына жоспарланған Төртеу финалына жолдама алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды