Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы бокстан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалына шықты
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшылары Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің үшінші жарыс күнінде бір жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Абылайхан Жүсіпов бразилиялық Кайанос Рейспен қолғап түйістірді. Кездесу қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Төрешілер жеңісті екіге жарылған шешіммен (4:1) Жүсіповке берді.
Өз кезегінде Серік Теміржанов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) турнирдегі өнерлерін аяқтады.
Теміржанов АҚШ өкілі Салим Эллис Бейге есе жіберді. Ал Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевтен (Өзбекстан) жеңіліс тапты.
Бұған дейін спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына Милад Каримидың неге қатыспайтыны белгілі болғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:27, 23 маусым 2026
Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:14, 22 маусым 2026
Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
-
16:56, 22 маусым 2026
Қазақстан футбол құрамасында күтпеген өзгеріс: бас бапкер отставкаға кетті
-
22:44, 21 маусым 2026
Әртістік жүзу: Виктор Друзин мен Наргиза Болатова әлем кубогы суперфиналының қола жүлдегерлері атанды
-
21:05, 21 маусым 2026
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатындағы екінші медалін жеңіп алды





