Медведев: Біз Қазақстанда жүріп жатқан саяси процестерді жіті бақылап отырмыз
Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Медведев ресейлік тараптың Қазақстандағы маңызды саяси процестерге қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті.
Біздің елдеріміз қазір даму процесінде, онда да маңызды кезеңді бастан кешіріп жатыр. Сіз бізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа туралы айттыңыз. Біздің елде де үлкен процестер жүріп жатыр. Біз де оларды сырттай бақылап, зерттеудеміз, - деді ол.
"Басқа жол болуы мүмкін емес. Біз достығы мызғымас елдер болғандықтан, біз ықтымақтастығымызды қолдап, бір-біріміздің дамуына көмектесіп қана қоймай, белгілі бір дәрежеде дамуымыздың кейбір элементтерінен немесе кезеңдерінен сабақ алуымыз керек", - деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:31, 20 ақпан 2026
Тоқаев Бен Блэкті қабылдады
-
23:28, 19 ақпан 2026
Президент: Еліміз Газа секторындағы ахуалды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын
-
08:00, 19 ақпан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді
-
15:13, 22 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді
-
19:11, 22 желтоқсан 2025
Тоқаев Путинмен кездесті: Қазақстан мен Ресей көшбасшылары не туралы сөйлесті





