ҚР Орталық сайлау комиссиясы Азия сайлау органдары қауымдастығы атқару комитетіне мүше болып сайланды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаев Филиппинге сапарының қорытындылары бойынша баяндама жасап, Қазақстан Ортсайлаукомы ресми түрде Азия сайлау органдары қауымдастығы Атқару комитетіне мүше болып сайланғанын хабарлады.
Биыл наурыз айының аяғында Филиппин астанасы Манила қаласында Азия сайлау органдары қауымдастығы (Association of Asian Election Authorities) Бас Ассамблеясының отырысы болған еді. Отырысқа Азияның 18 елінен 40 делегат қатысты. Екі жыл мерзімге сайланатын Атқару комитеті қауымдастықтың Бас Ассамблеяларының аралығындағы кезеңде басшы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Үндістан, Индонезия, Тайвань және Пәкістанмен қатар, ресми түрде Қауымдастық Атқару комитетінің мүшесі болғанын атап өту қажет. Филиппиннің Андреас Баутист басқаратын Сайлау жөніндегі комиссиясы Ассоциация төрағасы қызметіндегі Үндістан Сайлау комиссиясының орнын басты. Ал Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы Қауымдастық төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол Қауымдастық Жарғысына сәйкес екі жылдан соң Қауымдастық төрағасы қызметіндегі Филиппин мемлекетінің орнын ауыстырады. Азия сайлау органдары қауымдастығы Азия елдері орталық сайлау органдарының бірлестігі болып табылады, оның миссиясы – ашық, айқын демократиялық сайлау өткізуді талқылау және ілгерілету мақсатында халықаралық партиялық емес форум өткізу. Енді Қазақстан Республикасының Ортсайлаукомы Қауымдастықтың басшы органына сайлануына жауапкершілікпен қарап, Азия өңіріндегі демократиялық сайлау процестерін жетілдіруге қомақты үлес қосуы тиіс.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:31, 9 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Румен Радевты құттықтады
-
12:57, 29 сәуір 2026
Астанада Тоқаев пен Чехия премьерінің маңызды келіссөздері өтті
-
20:00, 17 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
-
01:31, 20 ақпан 2026
Тоқаев Бен Блэкті қабылдады
-
23:28, 19 ақпан 2026
Президент: Еліміз Газа секторындағы ахуалды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын





