Жаз жалғасады: Қазақстанда күн +37°C-қа дейін ысиды
© Фото: unsplash
2026 жылғы 5-7 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады. Елде негізінен жауын-шашынсыз әрі аз бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда жел күшейеді.
"Еліміздің басым бөлігінде жаздағыдай жылы ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Дегенмен шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта күн салқын болады.
Күндізгі ауа температурасы:
- батыста, солтүстікте және орталықта +25...+33°C;
- шығыста +20...+25°C;
- оңтүстікте +28...+37°C;
- оңтүстік-шығыста +20...+30°C;
- таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10...+20°C шамасында болады.
Қазақстан бойынша 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын осы сілтемеден оқуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:40, 24 қазан 2026
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды
-
21:08, 24 қазан 2026
Республика күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:48, 24 қазан 2026
Бублик жарақатына байланысты Almaty Open турнирінің жартылай финалындағы кездесуін аяқтай алмады
-
20:45, 24 қазан 2026
Қазақстанның зейнетақы жүйесі: болашақ зейнеткерлер үшін нені өзгертпек
-
20:04, 24 қазан 2026
«Өнімді кездесу үшін алғыс айтамын»: Тоқаев NVIDIA басшысының Қазақстанға берген ұсыныстарын бағалады





