Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Германияның Мюнхен қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Қазақстан Президенті Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында өтетін панельдік пікірталасқа қатысады және әлемдік көшбасшылармен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда.
Конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікірталасқа қатысып, "Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме" тақырыбында сөз сөйлейді.
Мюнхенде өтетін іс-шараға қатысу үшін 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының жетекшілері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар барады.
Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының күн тәртібінде әлемдік дамудың және жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады. Конференцияға қатысушылар сауда соғыстары мен санкциялар проблемаларын, Таяу Шығыстағы ахуалды, Еуропалық одақпен, АҚШ-пен, Ресеймен, Қытаймен және басқа да елдермен арадағы өзара қатынастарды, Еуропадағы қауіпсіздіктің сын-қатерлерін, Еуропалық одақ пен НАТО-ның келешегін, сондай-ақ, киберқауіпсіздік пен денсаулық сақтау салаларындағы қазіргі заманның қауіп-қатерлерін, жалған ақпаратпен күрес және басқа да мәселелерді талқылайды.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 10 желтоқсан 2021
Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады
-
16:13, 10 желтоқсан 2021
Нұрлан Нығматулин Думаның бірінші вице-спикерін қабылдады
-
12:38, 8 желтоқсан 2021
Дариға Назарбаева Шавкат Мирзиёевпен кездесті
-
09:10, 8 желтоқсан 2021
Мамин Қырғызстан үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді
-
21:39, 5 желтоқсан 2021
Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті