Шаш жинау, Lifehack
Шаш жинау, сәндеу, шаш үлгілерін жасау айтарлықтай қиын емес. Тек төмендегі тәсілдерді есіңізде ұстасаңыз болғаны. Уақытты да үнемдейсіз, шашыңызды да қалауыңызша жасайсыз.
Шашыңыздың бұйрасы шашты плойкаға орауыңызға байланысты.

Ал мына тәсілдер жинаған шашыңызды төмен салбыратпай, биік ұстап тұруға көмек болады.


Тіс щеткасына шашқа арналған лактан шашып, ұсақ балапан шаштарыңызды тараңыз. Осылайша оларды желбіретпей, жинап қоюға болады.

Шашты көлемдірек етіп жинаудың қарапайым тәсілі.

Шаш бұйралаудың оңай жолы. Шашқа арналған көпіршіктен жағып, шашыңызды басыңызға таққан жгутке ораңыз. 10 минуттан кейін шешіңіз.

Шашқа арналған жіңішке түйреуішті төңкеріп тағыңыз. Сонда ол сырғып түспейтін болады.

Шашты бұлай да бұйралауға болады.

Сүйікті иіссуыңыздан тараққа аздап шашып, шашыңызды тарасаңыз, хош иіс ұзаққа сақталады.

Қысқа шашқа төмендегідей жолмен көлем беруге болады.

Шашқа тағатын резеңке созылып кетсе, біраз уақытқа ыстық суға салып қойыңыз. Ол қайта қалпына келеді.

Тарақты уақытылы тазалап тұру керек. Оның оңай жолы төмендегідей.

Шашқа тағатын жіңішке түйреуішті осылай көрсетпей тағуға болады.

Дереккөз: anabol.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!





