Жыл басынан бері қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 20 миллиард теңге салған
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды.
Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.
Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.
Вебинар барысында қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды:
- тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету;
- жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту;
- интернетте белсенді жарнама жасау;
- компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі;
- заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы);
- салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау.
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты іске қосулы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:47, 25 шілде 2026
Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты
-
20:41, 25 шілде 2026
Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты ұстанымын жеткізді
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды
-
19:39, 25 шілде 2026
Қазақстанда бір тәулікте орман қорында үш өрт тіркелді
-
19:28, 25 шілде 2026
Ақын, прозаик Римма Артемьева 66 жасқа қараған шағында дүниеден өтті





