Жүк тасымалы бойынша автокөлікпен халықаралық қатынастардағы ережелерге өзгерістер енгізілді
© Фото: pexels
Қазақстанда 2026 жылғы 8 қаңтардағы транспорт министрінің бұйрығымен автокөлікпен халықаралық тасымалдауда рұқсат беру жүйесін қолдану ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жаңа түзетулерде мыналар нақтыланды:
- Қазақстан аумағында, жүкті жөнелтуші немесе алушы пункті болып табылмайтын үшінші мемлекеттерден әкелінетін, кедендік транзиті әлі аяқталмаған жүкті Қазақстан автокөлігіне немесе бастапқы тасымалдаушы тіркелген еліне тіркелмеген автокөлікке тиеуге жол берілмейді.
- Қазақстан аумағына жүк тасымалдау кезінде тартқыш немесе жүк көлігін басқа тіркелген тартқыш немесе жүк көлігімен ауыстыруға болады.
Бұл талаптар келесі тасымалдаушыларға қолданылмайды:
- Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан аумағына/аумағынан тасымалдау бірінен соң бірі бірнеше тасымалдаушылармен орындалса, жүк қайта тиеу (жүктеу/жүктен түсіру) немесе тартқышты ауыстыру жүзеге асырылса, ал бұған қоса ұлттық рұқсаттардың түпнұсқасы немесе алдыңғы тасымалдаушының рұқсат бөлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылса.
- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан аумағына/аумағынан тасымалдау бірінен соң бірі бірнеше тасымалдаушылармен орындалса, жүк қайта тиеу (жүктеу/жүктен түсіру) немесе тартқышты ауыстыру жүзеге асырылса, бірақ қайта тиеу немесе тартқышты ауыстыру ЕАЭО аумағынан тыс жерде жасалса, және ұлттық рұқсаттың түпнұсқасы немесе алдыңғы тасымалдаушының рұқсат бөлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылса.
Аталған талаптар 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.
Бұйрық 2026 жылғы 24 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:41, 4 наурыз 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Бейсенбіде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
19:58, 4 наурыз 2026
Әлемдегі жетекші әуе компаниялардың бірі Дубайға қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын мәлімдеді
-
19:43, 4 наурыз 2026
Шымкентте қызметтік көлікті теуіп, полицейді бетінен ұрған жасөспірім сотталды
-
19:33, 4 наурыз 2026
Емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болған қыз ірі сомасынан айырылып, алаяқтардың тұзағына ілінді
-
19:12, 4 наурыз 2026
Түркияда Иран ұшырған баллистикалық зымыран атып түсірілді





