ЖРВИ жұқтыру кезінде баланы емдеу және ауруханаға жатқызу. Министрлік ескерту жасады
© Сурет: Zakon.kz
Вирустық инфекциялардың маусымдық өршу кезеңінде балалардың бір бөлігі ғана стационарлық көмекке мұқтаж, ал көпшілігі үйден дәрігердің бақылауымен емделуге болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлназарова қазіргі уақытта Астанада, негізінен, ЖРВИ белгілеріне байланысты шағымдардың көбейіп жатқаны байқалатынын атап өтті. Оның айтуынша, балаларға арналған инфекциялық блок 288 төсекке есептелген, бірақ сырқаттанушылықтың артуына байланысты бұл көлем 453 төсекке дейін кеңейтілді.
"Тәулік сайын стационардың қабылдау бөліміне дәрегерлерге жүгініп, денсаулығына шағымданғандардан 450–500-ге дейін өтініш тіркеледі. Солардың тек 20–25%-ы ғана емдеу үшін ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Қалғандарына үй жағдайында емделу үшін дәрігердің тиісті ұсынымдары беріледі". Ақмарал Әлназарова
Әрі қарай министр ата-анасына жүгінді.
Сонымен қатар ол ата-аналарды стационардың қабылдау бөлімінде жиналмауға шақырды, себебі бұл ауру жұқтыру қаупін арттырады.
"Егер балада ЖРВИ немесе тұмау белгілері пайда болса, бірінші кезекте өз учаскелік дәрігеріңізге хабарласуды сұраймыз, емханалардағы фильтр-кабинеттерге немесе жедел жәрдем бөлімшелеріне келіңіз. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда кросс-инфекциялардың алдын алу үшін үйге мобильді бригаданы шақыруға болады". Ақмарал Әлназарова
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:20, 10 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
-
23:43, 9 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды
-
22:57, 9 қыркүйек 2026
Оқушы қыз орамалы: ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігі мен уәкілетті органдарға ұсыныс жасады
-
22:36, 9 қыркүйек 2026
Ақмола облысында алтын кенін заңсыз өңдеген екі шағын цех анықталды
-
21:56, 9 қыркүйек 2026
Рақымшылық шарасы: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шығып үлгерді





