Бір жарым айда 39 адам алданған: Бас прокуратура банк картасын ұстаушыларға ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz
Бас прокуратура 2026 жылғы 23 қыркүйекте алаяқтықтың кең тараған тәсілі туралы ескертті. Қаскөйлер өздерін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, ақшаны алаяқтардан қорғаймыз деген сылтаумен азаматтардың қаражатын иемденіп жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, соңғы бір жарым айдың өзінде ел бойынша осындай 39 дерек тіркелген.
Мәселен, 17 қыркүйекте Ұлытау облысының полиция департаменті Жезқазған тұрғынының ақшасын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Қаскөйлер өздерін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, ер адамға алаяқтар оның жеке деректерін қолға түсіргенін және шоттарындағы ақшаны ұрламақ болып жатқанын айтқан. Оларға сенген азамат нұсқаулары бойынша депозиттеріндегі барлық ақшасын шешіп алып, "қауіпсіз жерге сақтау" үшін үшінші тұлғаларға аударған. Келтірілген шығын – 9 млн теңге", – деп хабарлады Бас прокуратура.
Ведомство қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.
"Ұлттық банк пен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы несие рәсімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны алаяқтардан қорғау үшін үшінші тұлғаларға аударуды талап етпейді. Бөгде адамдарға SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін және ақшаңызға қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтерді айтпаңыздар", – деп ескертті Бас прокуратура.
Бұған дейін Павлодар тұрғыны өзін энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызметкері ретінде таныстырған адамның қоңырауынан кейін ақшасын жарманың арасына жасырып, Алматыға сәлемдемемен жібергені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:11, 23 қыркүйек 2026
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатты
-
12:03, 23 қыркүйек 2026
АҚШ Украина тарапынан америкалық кемелердің шабуылға ұшырауына алаңдады
-
11:54, 23 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде валюта бағамы қандай
-
11:50, 23 қыркүйек 2026
Қазақстандық спортшы Азия ойындарында спорттық жүрістен күміс медаль жеңіп алды
-
11:45, 23 қыркүйек 2026
Австралияда спутниктен байқалған алып шеңбердің метеорит кратері екені анықталды





