ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
© Фото: freepik
Тіл үйренушілер үшін "Duolingo" платформасына бәсекелес болатын тың жүйе іске қосылмақ. Елімізде жасанды интелектіге негізделген қазақ тілді жобалардың саны артып келеді.
Дәл осы орталықта тіл білімі мамандары күнделікті қолданыстағы сөздіктер мен терминдерді, мәтіндік деректерді жинақтап, жаңартып, баламасын ұсынып, бір жүйеге келтіруде. Бұл – жасанды интеллектіні сауатты қазақ тілінде пайдаланудағы маңызды қадам.
Мысалы өздеріңіз білетін ЖИ технологиялары, Чат джи пи ти, джеменай, клоуд, шығып жатқан барлық жүйелер тек қана тілге арқа сүйейді. Яғни тіл арқылы бүкіл әлемде технологиялар дамып жатыр. Дәл қазіргі кезде Қазақстан үшін ЖИ негізделген тіл модельдерін оқыту ЖИ агенттерін жасау аса маңызды болып отыр. Мақпал Жұмабай, "Тіл – қазына" ғылыми-практикалық орталығының басқарма төрайымы
Орталықтың ғылыми қызметкері Бақытгүл Ысқақ – қазақ тілінде бекітілген терминдерге мониторинг жүргізеді. Қазір ескірген терминдерді қайта қарап, сырттан енген сөздерді қазақшаға бейімдеумен айналысып жүр. Соңғы 3 жылда 30 мыңға жуық термин сүзгіден өткен. Бұл тіл мамандары үшін оңай шаруа емес. Өйткені елімізде кәсіби терминологтар аз.
Ақпарттық технология, информатика, қазіргі келіп жатқан ЖИ, негізгі терминдердің барлығы –ағылшын білінің терминдері. Бізде ағылшын тілінен соңғы –ing мен келіп жатқан терминдер өте көп, соның "ң" дыбыстау арқылы соны бейімдеу үрдіс алып отыр. Фантайзиң, паркиң деп "ң" деп бекіту соңғы кезде үрдіс алып жатыр. Бақытгүл Ысқақ, филология ғылымдарының кандидаты, орталықтың ғылыми қызметкері
Осылайша ЖИ бөлімімен бірге терминология бөлімі "Ұлттық сөздік қорын" деректермен толтыруға барынша үлес қосты.
Одан бөлек орталық тіл үйренудің жаңа форматын ұсынбақ. Таяуда қазақ тілін үйренушілер үшін "Duolingo" платформасына бәсекелес болатын тың жүйе іске қосылмақ. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер үшін мәтінді түзеу, стильді ауыстыру және қысқарту сияқты пилоттық режимде сынақтан өтіп жатқан аударма құралы жасалып жатыр. Мамандардың айтуынша, қазір тіл – деректер жарысына түскен заманның басты құралы. Қазақ тілі бұл бәйгеде өз орнын нықтап келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 17 сәуір 2026
Алматыда ер адам балалардың көзінше арыстанға тас лақтырған: хайуанаттар бағы мәлімдеме жасады
-
16:48, 17 сәуір 2026
18–20 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте күрт жылыну күтіледі – ауа райы болжамы
-
16:40, 17 сәуір 2026
Алматы облысында полицейлер әйелді құтқару үшін оның артынан жүгірді
-
16:24, 17 сәуір 2026
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
-
16:10, 17 сәуір 2026
29 наурыздан бері із-түзсіз жоғалған оқушының денесі табылды





