БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
© Фото: wikimedia/Pavel Chekanov
Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған ауру киіктен сынама алынып, зертханаға жіберілді.
Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарының шаруалары киіктің кеселі малға жұға ма деп қауіптенеді, деп жазады qazaqstan.tv. Бейнежазбада тұрғындар киіктің тұмсығына жара шығып, ауыз қуысынан сілекейі шұбырып жүргенін айтады.
Жауапты орган мамандары аурудың малға жұғатыны, не жұқпайтыны зерттеу қорытындысынан соң белгілі болады дейді. Әзірге киіктің қандай дертке душар болғаны белгісіз.
Зерттеу нәтижесі он күннен кейін шығуы мүмкін. Ал жыл басынан бері табиғи жағдайда өліп, өртелген киік саны 2199 басқа жеткен. Қазір киік санағы жүріп жатыр.
Былтырғы ресми санақ бойынша аймақта 2 млн 300 мың бөкен бар.
Казталов аудандық ветеринария қызметкерлері сол киікті құлағанға дейін күтіп, сынама алып, қазіргі кезде Ұлттық референттік ветеринариялық орталыққа жолдау процесі жүріп жатыр. Әрмен қарай аса қауіпті ауру бар ма, жоқ па – соны анықтау бағытында. Ұлттық референттік орталық функциясын біздің облысымызға берсе деген ұсынысымыз бар, халық үшін. Қайрат Қадешев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:04, 12 мамыр 2026
Ауа райы күрт нашарлайды: Қазақстанда сәрсенбіде қай өңірлерде ескерту жасалды
-
20:36, 12 мамыр 2026
Billie Jean King Cup Junior: Қазақстан жасөспірімдері Гонконгты жеңіп, топтан шығу мүмкіндігін сақтады
-
20:10, 12 мамыр 2026
Қызылордада «Turǵyndar Amanaty» партиялық жобасы аясында форум өтті
-
19:54, 12 мамыр 2026
Бурабайда орман аймағына рұқсат кіргендер анықталды
-
19:27, 12 мамыр 2026
Мәскеу соты қазақстандық рэперге айыппұл салды





