Жезқазғанда түнде кафе өртенді

10:00, 31 тамыз 2026
MKZ: 1564287

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

2026 жылдың 31 тамызына қараған түні Жезқазған қаласында кафе өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан Алаша хан көшесіндегі бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ең бірінші жиһаз тұтанған. Нәтижесінде өрттің аумағы 5 шаршы метрді құраған.

"ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жарты сағат ішінде өртті сөндірді. Осылайша оттың одан әрі таралуына жол берілмеді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ құтқарушылар бір газ баллонын сыртқа алып шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, 30 тамызда Алматы облысында пластикалық бұйымдарөндіретін цех өртенген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!