Жертөлеге құлаған ер адамды құтқарушылар алып шықты

09:17, 3 қыркүйек 2026
MKZ: 1564893

© Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Іле ауданында құтқарушылар жертөлеге құлап кеткен ер адамды сыртқа шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

69 жастағы ер адам абайсызда жертөлеге құлап, өздігінен сыртқа шыға алмаған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері келіп, арнайы құтқару құралдарының көмегімен ер адамды жертөледен абайлап алып шықты.

Одан кейін зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек көрсетілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!