Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алина Чистякова жетісайыстың қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но, Дарья Гридасовадан құралған әйелдер командасы 4х100 метрлік эстафетада үшінші орын алды.
Одан бөлек, отандастарымыз 4х400 метрлік эстафетада қола медальға ие болды. Команда сапында Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Мария Шувалова өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин, Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:17, 8 тамыз 2026
Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініштер қабылдау 10 тамыздан басталады
-
17:07, 8 тамыз 2026
Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
-
16:20, 8 тамыз 2026
Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер
-
16:11, 8 тамыз 2026
Садақ атудан 2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
-
15:59, 8 тамыз 2026
Арлан Жаңабай триатлоннан өткен Азия кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді





