Қызылорда облысындағы Арал ауданында жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

10:58, 12 шілде 2026

© Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

Зауыт, Қызылорда облысы, Арал ауданы, жоғары сұрыпты, ас тұзы , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 10:58

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Баршаңызды жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Сондай-ақ маңызды жобаны Арал ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін. Бұл - еліміздің экспорттық әлеуетін арттыратын, жаңа жұмыс орындары ашылатын маңызды жоба. Өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға тың серпін береді деп сенемін", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Ашылу рәсімі, Қызылорда, Арал ауданы, жоғары сұрыпты, ас тұз, зауыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 10:58

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Тоғыс - Аралотын" серіктестігі жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытына 1,8 млрд. теңге қаржы салған, жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау аясында 4 гектар жер телімі беріліп, қажетті инфрақұрылым тартылды. Зауыт өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспортталады.

Ас тұзы, Қызылорда облысы, Арал, жоғары сұрыпты, зауыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 10:58

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ел ағалары Имамадин Оңғарбаев, Нұралы Оспанов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, зауыттың іске қосылуына атсалысқан азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Зауыт, Қызылорда облысы, Арал ауданы, жоғары сұрыпты, ас тұзы , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 10:58

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!