Белгілі журналист, ақын Жұмабек Табынбаев өмірден өтті
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының "Ақпарат саласының үздігі" Жұмабек Табынбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туыстарына, әріптестеріне, туған халқына қайғыра көңіл айтты.
Жұмабек Айдарбекұлы саналы ғұмырын ел руханияты мен бұқаралық ақпарат саласына арнады. Еңбек жолын 1978 жылы бастап, әр жылдары өңірлік, республикалық басылымдарда абыройлы қызмет атқарды.
Журналист қана емес, ақын әрі прозашы ретінде де қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның "Өмір – керуен", "Соғыс туралы шындық", "Жадымдасың, жарқын бейне" және басқа да кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Көркем туындылары арқылы ұлттық әдебиет пен публицистиканың дамуына сүбелі үлес қосты.
"Кәсіби білігі, азаматтық ұстанымы, адамгершілік болмысы мен өнегелі ғұмыры әріптестері мен кейінгі буын журналистер үшін әрдайым үлгі болған ардақты азаматтың жарқын бейнесі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады", – делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:50, 10 тамыз 2026
Қазақстан су добынан Хорватияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын аяқтады
-
22:30, 10 тамыз 2026
Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
-
22:05, 10 тамыз 2026
Фабиан Марожан Алматыдағы ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді
-
21:36, 10 тамыз 2026
Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
-
21:07, 10 тамыз 2026
Әйелді полицейдің көз алдында бетінен тепкен: видео Қазнетті дүр сілкіндірді





