Тоқаев мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылайтын комиссия құратынын айтты
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдар "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіруге тырысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Сондықтан бұрынғы жетістіктерге тоқмейілсіп, алға жылжуды бәсеңдетуге болмайды.
"Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз", – деді Президент.
Тоқаев бағдарламаның аясында салынатын барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері бар.
Президенттің сөзінше, мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Комиссия құрамы келесі аптаның басында жарияланады.
Мемлекет басшысы бұл жұмыстың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттырып, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту екенін айтты. Сондай-ақ алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда заң, әділеттілік және тәртіп қағидаттары басшылыққа алынатынын жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:56, 13 қараша 2026
Ұлттық банк банктерді «енжар табыстан» арылтпақ: қаржы жүйесінде не өзгереді
-
15:46, 13 қараша 2026
13 қарашадағы сауда қорытындысы: доллар бағамы белгілі болды
-
15:44, 13 қараша 2026
Жеке деректерді ашық жариялау мәселесі Конституциялық сотта қаралды
-
15:22, 13 қараша 2026
Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы тексеріледі
-
15:15, 13 қараша 2026
Алматы автобустарында шаңғы, сноуборд пен шананы алып жүруге бола ма





