Жанәбіловтар рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе - ІІМ жауап берді
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 11 маусымда Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға рақымшылық қолдану мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер сот үкімі шыққан блогерлердің рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.
Санжар Әділов бұл сұраққа нақты жауап берді:
"Жанәбіловтар бойынша жауап біржақты: жоқ. Олар рақымшылыққа жатпайды. Оларға қатысты қылмыстық жауапкершіліктен босату түріндегі де, жазаны қысқарту түріндегі де рақымшылық қолданылмайды. Аталған бап бойынша оларға рақымшылық тікелей қолданылмайды", – деді ол.
Айта кетейік, 2026 жылғы 27 сәуірде Астана қаласында блогерлер Ерболат Жанәбылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сот шешімімен Ерболат Жанабылов Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы ("Заңсыз кәсіпкерлік") және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру") бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкі тәркіленді. Алайда сот Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес жазаны шартты деп танып, пробациялық бақылау белгіледі. Эльмира Төлегенова да осы баптар бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот шешімімен жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылып, мүлкі тәркіленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:29, 27 шілде 2026
Қазақстандық күдікті Грузиядан экстрадицияланды: 2,4 млрд теңгенің мүлкі бұғатталды
-
10:18, 27 шілде 2026
Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс
-
10:08, 27 шілде 2026
Эбола індеті өршіп барады: дәрігерлер вакцина мен дәрі-дәрмек тапшылығы туралы мәлімдеді
-
09:57, 27 шілде 2026
Алматы облысында жарақат алып таудан түсе алмаған екі бойжеткенге құтқарушылар көмек көрсетті
-
09:47, 27 шілде 2026
Маңғыстауда рақымшылық аясында үш сотталған жазадан босатылды





