Жаңаөзендегі өрт сөндіру көлігінің қатысуымен болған жол апатына қатысты тың мәлімет жарияланды
© Сурет: lada.kz
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасы өрт сөндіру көлігінің қатысуымен болған жол апатына қатысты жаңа мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz өңірлік басылымы ТЖД-ға сілтеме жасай отырып, қазіргі уақытта медициналық мекемелерде зардап шеккен үш өрт сөндіруші емделіп жатқанын жазады. Ведомство қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады. Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Алдын ала келтірілген дерекке сәйкес, өрт сөндіру көлігі шұғыл шақырту бойынша өрт болып жатқан орынға қарай бағыт алғаны анықталды. Жолда ол Lifan жеңіл көлігімен соқтығысады. Қатты соққыдан өрт сөндіру цистернасы аударылып, сүйретіле қақпаны қиратып, жеке үйге барып тіреліп тоқтаған.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.
Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасы жол апатынан барлығы 11 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың екеуі қайтыс болған. Оқиға орнында Lifan көлігінің жолаушысы көз жұмса, екінші марқұм - өрт сөндіру көлігі барып соғылған үйдегі қыз. Ол ауруханада қайтыс болды.
Аман қалғандардың арасында жеңіл автокөліктің жүргізушісі, жеті өрт сөндіруші және бүлінген үйдің тағы бір қызы бар. Үш өрт сөндіруші нейрохирургия және травматология бөлімшелеріне жатқызылды, тағы төртеуі амбулаториялық тұрғыда емдеуге жіберілді. Қыз бала - ауруханада, жағдайы тұрақты. Lifan жүргізушісі жансақтау бөліміне орналастырылған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады.
Жол апаты 18 қаңтарда болды. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін телемедицина мен санитарлық авиацияны қолдана отырып, облыстық мамандардың қатысуымен консультациялар өткізілді. Тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі, яғни абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:26, 19 қаңтар 2026
Атырауда төтеншеліктер қар құрсауында қалып кеткен студенттерді құтқарды
-
19:29, 19 қаңтар 2026
Пәкістанда қатты жер сілкінісі болып, тау көшті
-
19:12, 19 қаңтар 2026
FIFA Series 2026: Қазақстан құрамасының өз тобындағы қарсыластары анықталды
-
18:58, 19 қаңтар 2026
Ақмолалық келіншек бірнеше несие тіркеп, бар ақшасын алаяқтарға аударған
-
18:31, 19 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті жүк тасымалдаушыларға жүгініп, мәлімдеме жасады





