Жаңаөзенде өндірістік құбырларды ұрлау дерегі бойынша күдіктілер құрықталды

15:46, 23 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында Жаңаөзен қаласында қара металл ұрлау дерегі анықталды. 2026 жылғы 17 ақпанда Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына арнайы ақпарат келіп түсті.

№1 Мұнай және газ өндіру басқармасының аумағынан бұрын қолданылған диаметрі 720 мм өндірістік құбырлар шығарылып, қара металл қабылдау орнына өткізілген.

2026 жылғы 19 ақпанда Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен, су, әуе және теміржол көлігінде жасалатын қылмыстардың алдын-алу және анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету арнайы жасақ қызметкерлері қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Тексеру барысында анықталғандай, күдіктілер жалған құжаттарды пайдалана отырып, квазимемлекеттік секторға тиесілі диаметрі 720 мм өндірістік құбырларды ұрлап, оларды қара металл қабылдау орындарына өткізген.

Қара металл қабылдау орнын тексеру кезінде жалпы саны 24 дана, диаметрі 720 мм құбыр табылып, заңды иесіне жауапкершілікпен сақтау үшін тапсырылды.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!