Ұлттық банк: Ресей рублінің динамикасы еліміздегі доллар бағамын айқындауда бағдарға алынбауы тиіс
© Сурет: freepik
Ұлттық банк теңгеге шаққанда АҚШ доллары бағамын айқындауда рубль бағамындағы құбылмалылық неге негізге алынбау керектігін де түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 5 қаңтарда қор биржасындағы сауда-саттықта теңгеге шаққанда 1 АҚШ доллары 525,00 теңге деңгейінде ашылып, 525,00-528,00 теңге аралығында саудаланды. Кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 526,30 теңге деңгейінде қалыптасып, 0,2%-ға әлсіреді. Халықаралық қаржы нарықтары жабық болғандықтан, сауда-саттықтағы белсенділік төмен болып, оның көлемі небәрі 119,5 млн АҚШ долларын құрады, делінген ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың түсініктемесінде.
Оның айтуынша, 2024 жылғы қаңтарда сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 172 млн доллар болған еді, ал 2024 жылғы желтоқсанда 254 млн долларға жетті.
"Нарық қатысушыларының сұранысы негізінен демалыс күндері жинақталған доллар бойынша қысқа позициямен қалыптасты. Сыртқы факторлардан – күшейіп тұрған АҚШ доллары дамушы елдердегі басқа валюталар секілді теңгеге де қысым көрсетіп келеді. АҚШ долларының индексі 108 тармаққа жетті – бұл екі жылдағы максимум. Осы жағдайдың өзі инвесторлар тарапынан америкалық валютаға қызығушылық артқанын көрсетеді, ал ол бүкіл әлемдегі ұлттық валюталардың позициясына теріс әсер етеді". Әлия Молдабекова
Тағы бір фактор – Ресей рублінің динамикасы. Оған нарық қатысушылары Қазақстанның сауда айналымындағы Ресейдің маңызды рөліне байланысты назар аударуға дағдыланған.
"Алайда созылатын мерекелік демалыс кезеңінде Ресей рублінің АҚШ долларына қатысты бағамы төмен өтімділікпен бұрмалануы мүмкін екенін ескеру қажет. Мұндай кезеңдерде құбылмалылық артуы мүмкін екенін ескертеді. Мәселен, 2025 жылғы 3 қаңтардағы жағдай бойынша бағам 1 АҚШ доллары үшін 110,6 рубльге дейін әлсіреді". Әлия Молдабекова
Сонымен қатар, спикер теңгеге қарағанда, рубльге айрықша, соның ішінде санкциялық сипаттағы факторлар әсер ететінін нақтылайды. Молдабекова қазіргі жағдайдағы Ресей рублінің динамикасы бағдар болмауға тиіс және ол нарықтың шамадан тыс реакциясына ықпал етуі мүмкін деп санайды. Ал бұл жергілікті нарықта бағамның қалыптасуын бұрмалап, артық құбылмалылыққа әкеледі.
"Қазіргі уақытта біздің елдеріміздің нарықтары әртүрлі жағдайда жұмыс істейтіні анық. Сондықтан осы жағдайларда Ресей рублінің АҚШ долларына қатысты күрт ауытқуы теңге/доллар айырбастау бағамында көрінбеуі керек, өйткені ол іргелі экономикалық шындыққа сәйкес келмейді", - дейді ол.
Айта кетейік, 6 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары тағы да 1 теңгеге өсіп, 527,30 теңге болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды