Жамбыл облысындағы балабақшадан 10 бүлдіршін ауруханаға түсті

14:39, 18 наурыз 2025

© Сурет: freepik

Меркі ауданында мектепке дейінгі білім беру орталығының 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде.

Дәрігерлер 9 бүлдіршінге жіті ішек инфекциясы, 1 балаға энтеровирус диагнозын қойған.

Қазір осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, аурудың неден шыққаны анықталуда. Бөбекжай жұмысы залалсыздандыру үшін екі күнге тоқтатылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал ақ халаттылар науқастардың жағдайы бірқалыпты екенін мәлімдеді.

"Бүгінге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармамен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде. Қазіргі уақытта ауруханада қосымша төсек орыны қажеттілікке байланысты дайын. Дәрі – дәрмек қоры жеткілікті." Әнел Мұхаева, Меркі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!