Жамбыл облысында бірнеше көліктің өртенуіне түрткі азаматқа рақымшылық жасалды
© Сурет: ҚР ТЖМ
Жамбыл облысы Шу аудандық сотында автосервис қызметкеріне қатысты бөтеннің мүлкін абайсызда жою/бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі 2025 жылы 9 қыркүйекте хабарлады.
"2025 жылдың қаңтарында сотталушы Шу қаласындағы техникалық жөндеу орталығының бір боксын жалға алып, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамады. Салдарынан көліктердің бірінің кабинасында өрт болды, ол бүкіл боксқа тез тарап, бірнеше автомобильдер мен жабдықтарды зақымдады. Өрт салдарынан жеті жәбірленушіге жалпы сомасы 46 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілді", делінген сот хабарламасында.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Жәбірленушілер жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам азаматтық талап қойды, алайда кейінірек азаматтық талап қою арызды қараусыз қалдыру туралы арызбен жүгінді. Яғни, сотталушыны кешірді.
"Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-ның 204-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Рақымшылық жасау арқылы сотталушы жазасын өтеуден босатылды". Шу аудандық сотының баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:23, 10 қыркүйек 2026
Әйелдің жаңа қарым-қатынасына қарсы болған туыстары оны ұрлап әкеткен
-
15:19, 10 қыркүйек 2026
«Банк қызметкерлері» қазақстандық әйелді несие алуға және алтынын сатуға көндірген: іс немен аяқталды
-
15:11, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандықтар қанша ақша жинайды және жинақтарын қайда сақтайды – Ұлттық банк
-
15:02, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандық 65 жастағы көршісін ұрып өлтірді
-
14:52, 10 қыркүйек 2026
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 100-ге жуық адам табылды





