«Жамбасына үш рет пышақ сұқтым»: Абзал Шынасыл Шерзат Полаттың өліміне қандай қатысы бар екенін айтты

15:39, 21 мамыр 2025

© Сурет: Zakon.kz

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша жауапқа тартылған тоғыз сотталушының ішінде кісі өлтіру бабымен жалғыз айыпталушы – Абзал Шынасыл Талдықорғанда өтіп жатқан сотта жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 21 мамырда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Абзал Шынасылдан жауап алынды. Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: ҚР ҚК 99-бабының 5), 9), 14) б.2-бөлігі, "кісі өлтіру" 24-бабының 3-бөлігі, ҚР ҚК 99-бабының 1), 7), 9) б. 2-бөлігі, "бұзақылық" 293-бабының 3-бөлігі.

Ол 2024 жылдың 3 қазанында үйде болғанын айтты. Нұрқияс Ілиясовқа қоңырау шалып, Равиль Сакиевпен бірге кафеде отырғанын айтқан. Осылайша, Абзал оларға қосылуға шешім қабылдаған.

"Дана мен Эльмира келді, кейін бізбен бірге Нұрбол, Азамат және Шыңғыс отырды. Нұрбол мазасызданып, досын ұрып кеткенін айтты. Мен оның сөздеріне мән бермей, би билеуге кеттім. Қайтып келгенде, ол жоқ болды. Кафе жабылып жатты. Бұл сәтте, Азамат пен Шыңғыс та жоқ еді. Азамат қоңырау шалып, Нұрболды Менделеев көшесінде, дүкеннің жанында ұрып кеткенін айтып, оны бірге алып кетуді сұрады",- деді Абзал Шынасыл.

Кафеге қайтадан Шыңғыс Белғожаев пен Азамат Тоқтаубаев келген, бәрі бір көлікке отырып, алайда Абзал Шынасыл сыймай қалыпты. Ол танысы Талғат Аширбаевты көріп қалып, одан "Камажай" дүкеніне дейін жеткізіп тастауды сұраған.

"Жолда Дана маған хабарласып, ол жерде төбелес болып жатқанын айтты. Мен келгенде, ол жерде адамдар шулап жатты. Көлікті тоқтатып, шықтым. Тобырға кіргенде, Нұрканат Ғайыпбаев мен жаққа қарай келе жатты. Мен оны ұрып жібердім. Содан кейін ол "Береке" дүкенінің маңына қарай жүгіріп кетті. Онда көлік тұрған. Ол мылтық тауып, бізге қайта келді. Алдымен жоғарыға оқ атты. Мен тоқтап қалдым. Ол біраз жақындап келіп, мылтықты кезенді. Мен одан қаруды тастауын сұрадым. Ол мені: "Атамын", – деп қорқытта. Сонда мен: "Атып көр," – деп айттым. Ол оқ атты. Оқ менің құлағымнан өте шықты. Ол тағы оқтала бастағанда, біздің бір жігітіміз оған қарай жүгірді. Ол мылтықты алу үшін оны итеріп жіберді. Нұрқанат қарсы болып, оны итеріп тастап, Шота Руставели көшесімен қайта жүгіріп кетті. Мен оның артынан жүгіріп, жасырынып жүрдім, себебі ол маған оқ атуы мүмкін еді." Абзал Шынасыл

Азбал Шынасыл әлсіреп жатқан Шерзат Полатты көргенін айтты.

"Қарасам, Шерзат құлап жатты, неге екенін білмеймін. Ол жерде отырып "Жедел жәрдем" деп айқайлап жатты. Мен жүгіріп барып, оны ұрдым. Біреу мені тартып алды, қарасам, Дархан екен, мен онымен таныс емес едім, сондықтан оны екі рет ұрып жібердім. Мен Нұрқанат қашып кеткен шығар деп ойладым, бірақ кейіннен видеодан көргенде біраз алысырақ жерде болғанын көрдім. Мен пышақты алып, үш рет Шерзатты жамбасына ұрдым. Осы сәтте, барлығы айқайлап, "кетейік" деді. Мен олардың артынан көлікке отырып кеттім. Алдынғы орындықта Азамат Тоқтаубаев отырды, қасында мылтық тұрды." Абзал Шынасыл

Осылайша, топ басқа дүкенге барған. Онда Абзал Шынасыл Шерзат Полаттың қанын пышақтан жуған.

"Мен пышақты алып шықтым. Дана сусынды құйып тұрды, мен саусақ іздері қалмас үшін оны жудым. Содан кейін біз биатлон бағытына жүрдік. Машинада Азамат, Нурбол, Дархан, Думан болды. Сол жерде мен Дарханнан ол кім екенін, не болғанын сұрадым. Алдымен көліктен Думан түсті де, үйіне кетіп қалды. Нурбол рөлге отырып, біз жоғары көтерілдік. Сол жерде мен Равиль мен Шыңғысқа үш рет біреуге пышақ сұққанымды айттым. Сосын дәл сол жерде айғақтарды жойып, пышақты тастадым. Артынша, Юлдаш есімді жігіт келіп, дүкеннің алдында әлдекімдер жас жігітті өлтіріп кеткенін айтты. Мен олар мені жәй қорқытып жатыр деп ойладым. Біраз уақыттан соң бізді патруль ұстап алды." Абзал Шынасыл

Абзал Шынасыл пышақты неге өзімен алып жүргені туралы сұраққа да жауап берді.

"Үш күн бұрын маған жанармай станциясында бөтен адамдар шабуылдап, ұрып-соғып, пышақпен қуды. Сондықтан мен пышақты өзіммен алып жүруге шешім қабылдадым. Талғар – шағын қала, егер олармен қайта кездесіп, маған тағы шабуыл жасаса, өзімді қорғай аламын деп ойладым. Кафеде мен Нұркиясқа пышақты көрсеттіп, болған жағдайды айтқан болатынмын". Абзал Шынасыл

Осылайша, бүгінгі сотта Абзал Шынасыл Шерзатты үш рет пышақтағанын мойындады, бірақ Нұрқанат Ғайыпбаевты көрмегенін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!