Үш секундта 83 метр: полиция жүргізуші қалғып кеткен сәттегі жол апатының видеосын жариялады
© Фото: pexels
Абай облысының полиция департаменті көлік жүргізіп келе жатып бір сәтке қалғып кетудің қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Полиция жариялаған видеода жүргізушінің рөлде қалғып кетіп, жол апатына ұшыраған сәті түсірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Микроұйқы – адамның бірнеше секундқа еріксіз қалғып кетуі. Осы сәтте жүргізуші көлікті басқара алмай қалады.
Полицейлердің айтуынша, сағатына 100 км жылдамдықпен келе жатқан көлік небәрі үш секундта шамамен 83 метр жүреді. Жүргізуші қалғып кетсе, көлік осы қашықтықты бақылаусыз жүріп өтеді. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
"Ең қауіптісі – жүргізуші өзінің қалғып кеткенін байқамай қалуы мүмкін. Кофе, қатты қойылған музыка мен ашық терезе шаршағанды баспайды", – деп ескертті Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер ұйқы қыса бастағанын мына белгілерден байқауға болатынын айтты:
- қабақ ауырлап, көз жұмыла бастайды;
- адам жиі есінейді;
- зейіні төмендейді;
- жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет етуі қиындайды.
Полиция осы белгілер байқалса, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, демалуға шақырды. Ұйқыны жеңуге тырысып, жолды жалғастыру өмірге қауіпті.
"Шаршап тұрсаңыз, рөлге отырмаңыз. Сапар алдында міндетті түрде тынығып алыңыз. Жұмыс пен демалыс тәртібін сақтап, жолда аялдап тұрыңыз. Рөлде бір сәтке қалғып кетудің салдары ауыр болуы мүмкін", – делінген полиция хабарламасында.
2026 жылғы 24 қарашада Ақтөбе облысында болған жол апатынан Қандыағаш қаласының дәрігер-отоларингологы қаза тапты. Кейін оның ұлының да қайтыс болғаны белгілі болды. Жас жігіт өзіне қол жұмсаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:34, 26 қараша 2026
Алматыда күн райы бұзылады – әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырды
-
16:26, 26 қараша 2026
Қоқиқаздармен әдемі видео түсіргісі келетін дрон иелеріне ескерту жасалды
-
16:20, 26 қараша 2026
Қытай тәжірибесі мен Тоқаевтың стратегиялық басымдықтары
-
16:03, 26 қараша 2026
Қазақстаннан шетелдіктерді мәжбүрлеп шығару қағидалары жаңартылды
-
15:55, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт орнынан фотосуреттер жарияланды





