Үш алматылық қазақстандықтардың құмар ойынға әуестігін пайдаланып, 116 млн теңге табыс тапқан
© Сурет: wikimedia
Алматыда онлайн-құмар ойындарын — PokStars және LuckyShark-ті заңсыз ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі 6 қарашада мәлімдегендей, ойынға қатысу үшін ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға логин, пароль және құмар ойындарына кіруге арналған сілтеме берілген.
"Ақша операциялары туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген. Жаңа ойыншыларды тарту үшін әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын таргеттелген жарнама пайдаланылған. Сот үкімімен үш кінәлі адам 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Мемлекет пайдасына 116 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен Zeekr маркалы автокөлік тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
ҚМА атап өткендей, соңғы екі жылда заңсыз ойын бизнесімен күрес аясында:
- 105 сотқа дейінгі тергеу басталған;
- 22 жасырын казино, 65 ойын залы және 441 терминал жойылған;
- "Кибербақылау" жүйесі арқылы онлайн-казиноларға қатысты 33 мыңнан астам сілтеме бұғатталған;
- заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 166 адам сотталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:36, 3 сәуір 2026
Бас прокуратура Қазақстандағы түрме жүйесінің қалай өзгеріп жатқанын айтты
-
12:24, 3 сәуір 2026
АҚШ-та кісенделген әйел полиция көлігінің терезесінен қашып шықты – оқиға видеоға түсіп қалған
-
12:17, 3 сәуір 2026
Көкшетаулық зейнеткер қоңырауға жауап беремін деп пәтері мен жиған қаржысынан айырылды
-
12:08, 3 сәуір 2026
Балиде туристерге бағытталған шабуыл жиілеп кетті
-
11:57, 3 сәуір 2026
Ішімдікке сылқия тойып алған әйел полицейлерді балағаттап, сот алдынан бір-ақ шықты





