Ұлыбританияда мүгедектердің жәрдемақысы қысқартылады
© Фото: freepik
Лейбористер басқаратын Ұлыбритания үкіметі мүгедектердің жәрдамақысын қысқартпақ. Билік партиясы елдегі әлеуметтік қамсыздандыру шығындарын 5 миллиард фунтқа азайтатынын мәлімдеді.
Даулы реформа жарымжан жандардың құқықтарын қорғаушылардың сынына ұшырап, премьер-министр Кир Стармердің партияластары арасында дау туғызды.
Британ үкіметінің әлеуметтік қамсыздандыру бюджетін қысқарту туралы жоспары шығындарды азайтуға және экономикаға серпін беруге бағытталған, дейді биліктегілер.
Қолынан іс келетін миллиондаған мүгедек әлеуметтік көмек алып, салық төлеушілердің есебінен күн көруде. Төлемдер көлемі 20 миллиардқа өсті. Бұлай жалғаса беруіне болмайды. Лиз Кендалл, Ұлыбританияның еңбек және зейнетақы министрі
Өткен жылы сайлауда жеңіске жетіп, жарқын болашақ уәде еткен Лейбористер партиясының кейбір мүшелері де бастамаға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Кезінде Консервативтік партия осыған ұқсас әрекет етіп, теріс нәтиже көрсеткені белгілі. Олардың қателігін қайталамайық. Дебби Абрахамс, Ұлыбритания парламентінің мүшесі
Шынымен де соңғы 15 жылда осындай қысқартулардың нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп, кедейшілік пен кісі өлімі көбейген. Сарапшылар үкіметті асығыс шешім қабылдамауға шақырып отыр.
Бұдан бөлек әлеуметтік қамсыздандыру бюджеті қорғаныс бюджетінен көп болып отыр. 2030 жылға қарай ол 100 млрд фунттан асып, 2027 жылға дейін қорғаныс шығындарын жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ына жеткізу межесіне кедергі болуы мүмкін. Жәрдемақыны азайтудағы гәп осында жатыр, дейді сарапшылар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:23, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
-
21:07, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:04, 26 наурыз 2025
Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» жарлыққа қол қойды
-
20:52, 26 наурыз 2025
Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады
-
20:19, 26 наурыз 2025
АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді
Танымал жаңалықтар
-
12:30, 26 наурыз 2025
-
09:40, 26 наурыз 2025
-
10:13, 26 наурыз 2025
-
12:43, 26 наурыз 2025
-
11:57, 26 наурыз 2025
-
10:31, 26 наурыз 2025
-
11:23, 26 наурыз 2025
-
11:34, 26 наурыз 2025
-
09:51, 26 наурыз 2025
-
09:33, 26 наурыз 2025
-
09:02, 26 наурыз 2025
-
10:40, 26 наурыз 2025
-
10:02, 26 наурыз 2025
-
10:25, 26 наурыз 2025
-
09:22, 26 наурыз 2025