АҚШ-та отбасылы сенатор кәмелетке толмаған қызға зәбір көрсетпек болғаны үшін қамауға алынды
© Сурет: wikipedia
40 жастағы Миннесота штатының республикалық сенаторы Джастин Эйхорнның Toyota Tacoma көлігі тәркіленді. Дәл осы пикапта американдық 17 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Mail ақпаратынша, сенатор өткен аптада осы көлікте қамауға алынды.
"Сіздер сырттан Блумингтон полициясының логотипі бар сүйкімді ақ Toyota-ны байқап қалуларыңыз мүмкін. Себебі бұл көлік әкімшілік тәртіпте тәркіленген. Өйткені онда оның иесі ауыр қылмыс жасамақ болған",- деді Блумингтон полициясының бастығы Букер Ходжес.
Белгілі болғандай, сенатордың жұбайы оның атына тағылған айыптардан кейін ажырасуға арыз берген. Ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар. Оқиғадан кейін Эйхорнның өзі отставкаға кетті.
Бұған дейін АҚШ Білім министрлігін жаппақ болған Трампты мұғалімдердің сотқа бергендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:07, 2 сәуір 2026
Танымал демалыс аймағында «кокаин акуласы» байқалды
-
12:29, 2 сәуір 2026
Ұмыт қалған чемоданнан 137 караттық әйгілі гауһар табылды
-
12:12, 2 сәуір 2026
Грекия аралын қан-қызыл аспан жапты
-
12:08, 2 сәуір 2026
Эверест тауында гидтердің альпинистерді әдейі улағаны туралы мәлімет тарады
-
11:58, 2 сәуір 2026
Үндістанда өзін «құдаймын» деп таныстырған ер адамға қатысты ірі жанжал шықты





