Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
© Фото: zakon.kz
Түркістан облысында үш адамның өмірін қиған газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Шардара ауданында газ құю стансасына жеңіл көлік соғылып, арты алапат жарылысқа ұласқан. Енді қауіпсіздік шараларына селқос қарағаны үшін бекет басшылары да тергеліп жатыр.
Оқыс оқиға 21 наурыз күні Жаушықұм ауылында болды. Жеңіл көлік көгілдір отын толтырылған цистернаға соғылған. Көлік ішіндегілерді құтқармақшы болған жігіт бірден көмекке ұмтылғанда от тұтанады. Лезде шарпыған жалын цистернаға тиіп жойқын жарылысқа ұласқан. Оттың ортасында қалған көліктегі екі адам сол жерде жан тапсырды. Ал оларды құтқармақшы болған жігіт арада бір күн өтпей ауруханада көз жұмды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Ал жарылыстан күйік шалған тағы екі науқас ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
"Оң жақ иығы, білекгі,шынтағы 1-ші және 2-ші дәрежелі күйік. Бүгінде орташа ауыр. Емдеп жатырмыз. Екінші науқастың мойны 5-10 пайыз, орташа дәрежеде күйген. Науқастармен әңгіме жүргізілді. Облыстық ауруханада мамандармен кеңестік. Емделіп жатыр".Шардара ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрғали Молдаханов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды
-
22:10, 22 қыркүйек 2026
Семейде газгольдер жарылды: зардап шеккендер туралы не белгілі
-
21:50, 22 қыркүйек 2026
Астана әуежайы арқылы жүздеген iPhone 18 смартфонын заңсыз алып өтпек болған
-
21:41, 22 қыркүйек 2026
Бэлла Самашева Азиаданың қола медалі туралы: Туған күніме өзіме сыйлық жасадым
-
21:27, 22 қыркүйек 2026
Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді





