Ұлыбританияда инфляция деңгейі тағы өсті
© Фото: pexels
Тұманды Альбион халқын қымбатшылық қысып барады. Қараша айында тұтыну бағасы 2,6 пайызға өскен. Бұл туралы Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық қызметі хабарлады.
Осылайша, инфляция екінші ай қатарынан жеделдеп отыр. Қазан айында бағалар 2,3 пайызға, ал қыркүйекте 1,7 пайызға өскен. Әсіресе, азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ саяхат пен бос уақыт өткізудің құны едәуір қымбаттаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Көлік қызметтері, керісінше, 0,9 пайызға арзандады. Ұлыбритания қаржы министрі елдегі инфляция халықаралық көрсеткіштермен деңгейлес, деп мәлімдеді.
"АҚШ-та инфляция деңгейі 2,7 пайызды құрайды, яғни бізден сәл жоғары. Еуроаймақта ол 2,3 пайыз. Біз өмір сүру құны дағдарысының әлі де сезілетінін мойындаймыз және осы мәселені шешу үшін шаралар қабылдаймыз." Рэйчел Ривз, Ұлыбритания қаржы министрі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:11, 19 желтоқсан 2024
Алматы облысында үш жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
12:59, 19 желтоқсан 2024
Сирияда Қазақстан азаматтары қалды ма - Сыртқы істер министрлігі жауап берді
-
12:40, 19 желтоқсан 2024
Абай облысында 12 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
-
12:26, 19 желтоқсан 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 19 желтоқсандағы валюта бағамдары
-
12:10, 19 желтоқсан 2024
Сенат ЕАЭО мен Сингапур арасындағы келісімді ратификациялады