Ұлттық банк 6300-ден астам валюталық қарызды қайта қаржыландыруды мақұлданды

12:51, 12 ақпан 2019

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 6 361 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

"Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 10-ақпандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 161,1 млрд теңге сомаға 26 021 қарызды мақұлдап, 141,1 млрд теңгесомаға 24 195 қарызды қайта қаржыландырды", - деп хабарлап отыр Ұлттық Банк.

Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1-қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

"2019 жылғы 10-ақпанда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 53,6 млрд теңге сомаға 6 361 өтінімді мақұлдап, 38,6 млрд теңге сомаға 4 917 қарызды қайта қаржыландырды", - деп атап өтті банк өкілдері.

Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен Банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ғана ұзартылды, қарыз алушының/қоса қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдені қоса алғанға дейін белгіленді. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

Ал "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10-ақпандағы жағдай бойынша қарыз алуға 102,2 млрд теңге сомаға 8 939 өтініш қабылданды. Оның ішінде 61,2 млрд теңге сомаға қарыз беруге 5 181 өтініш мақұлданды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!