Ұлдары әскери борышын өтеп жүрген ата-аналарды алаяқтар сан соқтырды

13:40, 24 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Еліміздегі алаяқтардың айла-тәсілдері таусылар емес. Енді олар балалары отан алдындағы борышын өтеп жүрген ата-аналарды алдауға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы AQPARAT SAQSHYSY Telegram арнасы ескертті.

Қаскөйлер кімнің ұлы әскерде екенін біліп алып, ақпаратты ата-аналарынан пайда көру үшін пайдаланып жатыр. Олар ұлының атынан хабарлама жазып, шұғыл түрде қаражат қажет екенін айтады. Артынша, белгісіз нөмірлер беріп, сонда аударуларын сұрайды.

Алаяқтарды қалай тануға болады:

  • егер сіз фотосурет немесе бейне қоңырау сұрасаңыз, олар "қатаң режимге" немесе "байланыстың жоқтығына" сілтеме жасай отырып, сылтау табады;
  • балаңызбен байланысты емес карта нөмірлеріне немесе шоттарға ақша аударуды сұрайды.

Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз не істеу керек:

  1. Дүрбелеңге түспеңіз.
  2. Тексерілген арналар арқылы ұлыңызға немесе оның командиріне дереу хабарласыңыз.
  3. Ақша аудармаңыз немесе бейтаныс адамдарға жеке мәліметтер бермеңіз.
  4. Жағдай туралы полицияға хабарлаңыз.

Бұған дейін Астанада жаңа полиция басқармасы құрылғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!