Сатыбалдыға білім беру, жол, мемлекеттік сатып алу салаларындағы жемқорлық тәуекелдері туралы баяндалды
© Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
Алдымен жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы мен осы саладағы жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов пен Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың баяндамалары тыңдалды.
Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
Сыртқы талдау қорытындылары бойынша жоба құнын негізсіз арттыру тәуекелдері, тиімсіз жоспарлау, өнім берушілерді анықтау кезіндегі тәуекелдер, қосымша шарт жасасу арқылы сомаларды ұлғайту, сапасыз жұмыстарды қабылдау тәуекелдері анықталғанын, оларды жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізілгені баяндалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – білім беру ұйымдарындағы есеп-қисаптағы сыбайластықты жою бойынша бірыңғай цифрлық есептеу жүйесін автоматтандырудың пилоттық жобасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстар баяндалды.
Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
Сонымен қатар, отырыста Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы мәлімделді.
Комиссия төрағасы Дархан Амангелдіұлы отырыста қаралған мәселелер бойынша барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды.
"Бүгін қаралған мәселелер бойынша барлық кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Сыртқы талдаумен берілген ұсыныстар сапалы орындалсын, жол саласындағы техникалық қадағалау күшейтілсін. Білім беру мекемелеріндегі есепшілерінің біліктілігін арттырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы қаржылық шығындарды мұқият зерттеу жүргізу қажет. Мемлекет бюджетінің әрбір тиыны тиімді және ел игілігі үшін жұмсалуы тиіс. Заңсыздыққа жол берілмейді, қаржылық бұзушылықтардың алдын алуды тапсырамын. Басқарма басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жандандырып, бақылауды күшейтіп, осы бағыттағы тиісті жұмысты жалғастырамыз", - деп қорытындылады облыс әкімі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев әрбір саладағы жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басшыларға, аудан әкімдеріне облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен комиссия мүшелерінің тарапынан ұсыныстар, ескертулер айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:17, 25 желтоқсан 2024
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне тәнті болды
-
09:01, 25 желтоқсан 2024
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында мектеп сабақтары тоқтатылды
-
22:45, 24 желтоқсан 2024
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды
-
22:15, 24 желтоқсан 2024
Алматыда жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті
-
21:45, 24 желтоқсан 2024
Астанада тергеуші әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды