Украина ботанигі өзі сұрыптаған гүлге Димаштың атын берді
Ботаник Алла Черногуз 2018 жылы құртқашаш (ирис) гүлін сұрыптау арқылы жаңадан алған түрге қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің есімін берді деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ғалым Facebook-тегі әншінің фантобына жазба қалдырған. Алла Черногуз –Украиндағы құртқашаш гүлі одағын құрушылардың бірі.
Жаңадан алынған құртқашаш гүлінің түсі қардай аппақ, ортасында ашық қызыл-сарғылт түсті өзегі бар. Ғалымның айтуынша, ол Димаштың дауысы секілді ашық әрі саф таза.
2018 жылы алынған осы гүлдің тағы бір түріне Димаштың орындауындағы халық әні «Дайдидау» атауы бұйыпрыпты. Ол сондай нәзік, қызғылт түсті, салтанатты қалыптағы гүл.
Екі құртқашаш гүлі де THE AMERICAN IRIS SOCIETY тіркеуге алған. Тіркеу нөмірі - № 18-1029 и № 18-1041.
Димаш Құдайбергеннің фанаттары Алла Черногуздың үйінде қонақта болып, оған кішігірім сыйлық жасап, алғысын білдірген. Сөйтіп Димаш атауындағы гүлдің ұрығын алып, өз бақшаларына отырғызған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт
-
13:37, 26 сәуір 2024
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқынынан кейін екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды
-
12:38, 26 сәуір 2024
Қызылордада медицина саласының қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді атсалысты