Үкіметте Әлихан Смайыловтың төрағалығымен инвестиция тарту бойынша апталық кеңес өтті

16:24, 28 қыркүйек 2020

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен инвестиция тарту бойынша апталық кеңес өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңеске қатысушылар инвестиция тарту бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу барысы туралы баяндады.

Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері ұсынған жобалар қарастырылды. Олардың қатарында әуежай, цемент зауытын, құс фабрикасын, кабель және трансформатор шығаратын өндірістік кешен, минералды тыңайтқыштар мен құрама жем шығаратын зауыттар, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауытының, шойын шығаратын металлургия зауытының, ет өңдейтін кешеннің құрылысы, қарқынды бақтарды дамыту және өңделген жемістерді өндіру, балық өсіру кешені және т. б. бар.

Жобалардың өзектілігі, іске асыру кезеңдері, құжаттаманың дайындығы және жалпы ұсынылған инвестициялық жобалардың әрқайсысы бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Ұсынылған инвестициялық жобалар еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсер етеді. Бұл жобалардың іске асырылуын мониторингілеу процесі Бірінші вице-премьердің жеке бақылауына алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!