Үкімет тиімді және батыл әрекет етуге тиіс – Тоқаев ел экономикасын сын-қатерден сақтау туралы
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде, үкіметке бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент жаһандық ахуалға мейлінше бейімделіп жұмыс істеу, яғни, әр қадамды мұқият ойластырып, салмақты шешімдер қабылдау арқылы Қазақстан экономикасын түрлі сын-қатерден сақтап қалу маңызды екеніне тоқталды.
"Сондықтан Үкімет кез келген мәселені алдын ала қарастырып, тиімді және батыл әрекет етуге тиіс. Еліміздің мүмкіндіктері мол, әлеуеті орасан зор. Қаңтар-наурыз айлары бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 5,8 пайыз болды. Бұл – қазіргі күрделі жағдайда өте жақсы көрсеткіш деп күмәнсіз айтуға болады. Ұлттық экономикамыз негізінен көлік саласы, құрылыс саласы, өнеркәсіп және сауда-саттық есебінен дамып жатқанын атап өткім келеді. Бұл – өте маңызды жетістік. Сонымен қатар әлемдік дағдарыс күшейіп кеткен жағдайда еліміз Ұлттық қор резерві мен алтын валюта қорының мүмкіндіктерін қолдана алады. Осындай күрделі уақытта біздің кәсіпкерлеріміз де ерекше белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Себебі оларды ешқандай қиындыққа қарамай еңбек ете алатын нақты істің адамдары деп есептеймін. Бізге қазір құр сөздің еш қажеті жоқ. Біз бәріміз бір ел болып тек табанды және тиімді жұмыс істеуіміз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Тоқаевтың АҚШ президенті Трамптың баж салығына қатысты пікір білдіргендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 18 сәуір 2025
Алдағы демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді
-
16:09, 18 сәуір 2025
Ақтөбеде заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар ұсталды
-
15:58, 18 сәуір 2025
Аптаның соңына қарай саудада доллар бағамы аздап төмендеді
-
15:47, 18 сәуір 2025
Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды
-
15:32, 18 сәуір 2025
Қаржаубай Нұрымов: келгендер өздерін қылмыстық топтың мүшелері деп айтты
Танымал жаңалықтар
-
19:08, 17 сәуір 2025
-
19:33, 17 сәуір 2025
-
20:51, 17 сәуір 2025
-
19:51, 17 сәуір 2025
-
18:42, 17 сәуір 2025
-
18:22, 17 сәуір 2025
-
20:30, 17 сәуір 2025
-
23:12, 17 сәуір 2025
-
22:19, 17 сәуір 2025
-
16:30, 17 сәуір 2025
-
21:59, 17 сәуір 2025
-
22:42, 17 сәуір 2025
-
16:41, 17 сәуір 2025
-
20:17, 17 сәуір 2025
-
17:37, 17 сәуір 2025