ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған талапкерлер саны белгілі болды: алғашқы қорытынды мен күтпеген заңбұзушылықтар
© Фото: Национальный центр тестирования
Қазақстанда 2026 жылғы 10 қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Ал 19 қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрлігі Zakon.kz тілшісіне қаңтар айындағы ҰБТ-2026-ның аралық қорытындыларын ұсынды.
Ведомство мәліметінше, тестілеу басталғалы бері 36 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырған. Олардың 64 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 36 пайызы орыс тілінде, ал 52 адам ағылшын тілінде тапсырған.
Алғашқы апта қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3 пайызы шекті баллды еңсере алды. Бес пән бойынша орташа нәтиже 57 баллды құрады. Ең жоғары көрсеткіш — 131 балл.
Сонымен қатар тестілеу барысында ережелердің бұзылу деректері де тіркелген. Бір апта ішінде барлығы 94 заңбұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, 56 талапкер ұялы телефон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенгені үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды. Бөгде адамның орнына тест тапсыру деректері анықталған жоқ.
Министрліктің мәліметінше, ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды қолдану немесе ереже бұзу фактілері анықталса, талапкерлердің нәтижелері жойылады.
"Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция беруге құқылы. Ал техникалық себептерге байланысты өтініштер тестілеу барысында қабылданады. Апелляциялар қаралған соң нәтижелер туралы сертификаттар жеке кабинеттерде қолжетімді болады", – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2026 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:21, 7 ақпан 2026
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды
-
19:31, 7 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті
-
19:29, 7 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
-
18:31, 7 ақпан 2026
Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты
-
18:12, 7 ақпан 2026
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды





