ТЖМ-нің өкілеттігі кеңейтілді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Үкіметтің 2026 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаулыға сәйкес, ТЖМ-ге бірқатар жаңа функциялар берілді.
Атап айтқанда, министрлік табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу қағидаларын әзірлеп, бекітетін болады.
Сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қағидаларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсетіп, осы қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеп, бекітеді.
Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлік азаматтық қорғау саласындағы жұмылдыру тапсырыстарын орындауға қажетті тауарлар көлемін айқындау мақсатында тиісті ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді.
Сонымен қатар ведомствоның бірқатар функциялары нақтыланды.
Атап айтқанда, ТЖМ:
- арнайы оқу орнының цифрлық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлеп, бекітеді (2026 жылғы 11 шілдеден бастап);
- жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еңбек нарығының кәсіби біліктіліктерді тануға деген сұранысын жыл сайын айқындайды (2026 жылғы 1 шілдеден бастап);
- азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі корпоративтік цифрлық жүйе мен ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмысын қамтамасыз етеді (2026 жылғы 11 шілдеден бастап);
- азаматтық қорғау органдарында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етеді (2026 жылғы 11 шілдеден бастап).
Құжатта төтенше жағдайлар министрі Құрылтайда, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда министрліктің атынан өкілдік ететіні көрсетілген.
Қаулы жекелеген нормаларды қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 25 маусым 2026
Пойызда тәртіп бұзған үш жолаушы жауапқа тартылды
-
16:42, 25 маусым 2026
Әскерден қалдыруға уәде берген алаяқ 250 мың теңгені иемденіп кеткен
-
16:32, 25 маусым 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге арналған электронды рұқсат берілетін болады
-
16:25, 25 маусым 2026
Алматының қақ ортасында жер астынан от шықты
-
16:17, 25 маусым 2026
Қырғызстанда өзенге ағып кеткен баланы іздеуге қазақстандықтар да қосылды





