Түркияда зілзалада қирап қалған ғимараттың құрылысшысы ұсталды
© Сурет: pexels
Түркия билігі 6,1 баллдық жер сілкінісі кезінде елдің солтүстік-батысында қираған ғимараттың иесі мен құрылысшысын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News дерегінше, 11 тамызда түрік билігі құлаған тұрғын үйдің иесі мен құрылысшысын ықтимал немқұрайлылықты тергеу аясында ұстады.
Жер сілкінісі 10 тамызда Балыкесир провинциясының Синдирги қаласында болды. Нәтижесінде құлаған үш қабатты тұрғын үйдің егде жастағы тұрғыны қаза тауып, өңір бойынша тағы 29 адам жарақат алды.
Ішкі істер министрі Али Ерикайдың айтуынша, жексенбідегі жер сілкінісі салдарынан 16 ғимарат қираған, олардың көпшілігі қараусыз қалған ауыл үйлері.
Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемисоглу дүйсенбідегі жағдай бойынша ауруханаға жатқызылған 29 адамның 19-ы үйлеріне қайтарылғанын хабарлады. Ал қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты.
Еске салсақ, 2023 жылы Түркияда болған 7,8 балдық жер сілкінісі 53 мыңнан астам адамның өмірін қиған болатын. Олардың көпшілігі сапасыз құрылыстың салдарынан қирандылардың астында қалып, көз жұмды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:31, 26 шілде 2026
«Қайрат» пен «Ордабасы» 26 шілдеде Алматыда кездеседі
-
09:16, 26 шілде 2026
«Қазгидромет» үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады
-
21:47, 25 шілде 2026
Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты
-
20:41, 25 шілде 2026
Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты ұстанымын жеткізді
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды





