ШҚО-да полицейлер 4 жасар бүлдіршінді ауруханаға жедел жеткізді

09:03, 9 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Өткен түнде ШҚО ПД патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл медициналық жәрдем қажет болған баланы құтқарып қалды.

Оқиға Бұқтырма су қоймасының жағалауында болған. Онда қызметте болған ШҚО ПД патрульддік полиция батальонының аға инспекторы Ринат Қостубаевқа бір әйел көмек сұрап жүгінген.

Оның айтуынша, 4 жасар қызының денсаулығына қауіп төніп, жағдайы нашарлаған. Уақыт жоғалтпай әрекет еткен капитан Қостубаев дереу жақын маңдағы экипаждардың жұмысын үйлестірген.

Көп ұзамай көмекке облыстық батальон инспекторлары — полиция аға лейтенанттары Данияр Нұрсалинов пен Мадияр Ержанов жеткен.

Тәртіп сақшылары анасы мен перзентін патрульдік автокөлікке отырғызып, бірден жолға шықты. Полицейлер арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын қосып, баланы Ана мен бала орталығына қысқа уақыт ішінде жеткізді.

Көлік кептелісіне қарамастан, тәртіп сақшыларының нақты іс-қимылының арқасында бүлдіршін дәрігерлерге дер кезінде тапсырылды. Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің кез келген уақытта халыққа көмекке келуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!