Turkish Airlines ұшағындағы «жарылыс қаупі» туралы тың ақпараттар белгілі болды

12:44, 16 қаңтар 2026

© Сурет: pixabay

Барселона әуежайына төтенше жағдайда қонған Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағындағы жарылыс қаупі жалған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Periódico газетінің дерегінше, ұшақ Стамбулдан Испания астанасына бағыт алған.

Ұшақты тексергеннен кейін Азаматтық гвардияның дереккөзі бұл қауіптің жалған екенін растаған.

Сонымен қатар, Испания әуежайларының операторы X желісінде Барселона әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын жазды.

Бұған дейін 2026 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан әуе кеңістігінде екі жолаушы ұшағының қатысуымен қауіпті авиациялық оқиға орын алғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!