«Тұран» стансасы, LRT және басқару орталығы бар депо: Бектенов Астанада инфрақұрылымдық жобаларды тексерді
© Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының халықты жылумен қамтамасыз ету және LRT жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тұран" газ жылу стансасында Премьер-министрге нысан құрылысының екінші кезегі аяқталғаны туралы баяндалды. Бүгінде дайындық 98%-ды құрап отыр. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ГЖС жалпы қуаты сағатына 350-ден 600 Гкал-ға дейін жеткізілді – бүгінде бұл еліміздегі ең ірі газ жылу стансасы. "Тұран" ГЖС басқа 4 жылу көзі: ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу стансасымен елорданы жылумен қамтамасыз етеді. Нысандардың жалпы қолжетімді қуаты сағатына 4 104 Гкал-ды құрайды, қаланың ең жоғары жылу тұтыну қажеттілігі 3 578 Гкал/сағ, бұл ағымдағы жылыту кезеңінде жылу қуатын шамамен 500 Гкал/сағ артығымен өндіруді қамтамасыз етті.
Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев бүгінде "Тұран" ГЖС жұмысы толығымен автоматтандырылғанын айтты. Мамандарды даярлау оқу орталығының базасында дуальды білім беру шеңберінде жүргізіледі. Стансада неміс, орыс және фин технологиялары қолданылады. ГЖС жоғары экологиялық таза екендігі атап өтілді: азот оксиді қалдықтары қолданыстағы нормативтермен салыстырғанда 3-5 есе азайды. Қазіргі уақытта нысан Есіл және Нұра аудандарын, сондай-ақ шамамен 2 млн шаршы метр алаңдағы әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарын жылумен қамтамасыз етеді. Газ тарту және қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. 2035 жылға дейін жылумен жабдықтау саласында ЖЭО-2-де 7, 8 қазандықтарды пайдалануға беруді, "Тельман" ГЖС және "Оңтүстік-Батыс" ГЖС салуды қосқанда, жалпы қуаты сағатына 1310 Гкал болатын бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Олжас Бектенов халықтың белсенді өсуі және қалалық инфрақұрылымның кеңеюі жағдайында қазіргі заманғы жылумен жабдықтау көздерінің құрылысы ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:43, 17 сәуір 2025
Тоқаев пен Путин энергетика саласындағы ықпалдастық туралы сөйлесті
-
23:12, 17 сәуір 2025
Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге қатысты шектеулер туралы ақпаратқа түсінік берді
-
22:42, 17 сәуір 2025
Атырау облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды алып шықты
-
22:19, 17 сәуір 2025
Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алдында Венгрия құрамасын жеңді
-
21:59, 17 сәуір 2025
Теміртауда жедел жәрдем фельдшері әріптесін сабап ауруханаға түсірді
Танымал жаңалықтар
-
10:46, 17 сәуір 2025
-
11:46, 17 сәуір 2025
-
11:30, 17 сәуір 2025
-
12:11, 17 сәуір 2025
-
11:59, 17 сәуір 2025
-
14:22, 17 сәуір 2025
-
12:38, 17 сәуір 2025
-
12:23, 17 сәуір 2025
-
14:10, 17 сәуір 2025
-
11:18, 17 сәуір 2025
-
09:34, 17 сәуір 2025
-
13:59, 17 сәуір 2025
-
15:11, 17 сәуір 2025
-
13:12, 17 сәуір 2025
-
15:55, 17 сәуір 2025