Төрт құрлық чемпионаты: Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада төртінші орынға ие болды
© Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған бағдарламада Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников ел намысын қорғап жатыр, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров төрешілердің шешімімен 90,55 ұпай жинап, аралық есепте төртінші орынға тұрақтады. Диас Жиренбаев 63,90 ұпаймен 19-орынды, ал Олег Мельников 58,96 ұпаймен 21-орынды иеленді.
Үш қазақстандық спортшы да еркін бағдарламаға жолдама алды. Ол үшін үздік 24 спортшының қатарына ену қажет болды.
Жарыста жапониялық Као Миура 98,59 ұпаймен көш бастады. Одан кейін Кадзуки Томоно (Жапония) - 97,19 ұпаймен екінші орынға шықса, Сота Ямамото (Жапония) - 94,68 ұпаймен үшінші орынға орналасты.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді. Михаил Шайдоров бұл турнирде чемпион мәртебесімен өнер көрсетуде.
Бұған дейін Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында тоғызыншы орынға ие болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:21, 7 ақпан 2026
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды
-
19:31, 7 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті
-
19:29, 7 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
-
18:31, 7 ақпан 2026
Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты
-
18:12, 7 ақпан 2026
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды





