Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшісін ауыстырды

09:04, 12 желтоқсан 2024

© Сурет: zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 12 желтоқсанда Қазақстанның Жапониядағы елшісін ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Сабыр Есімбеков қызметінен кетті.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.

Оның орнына Ерлан Баударбек-Қожатаев тағайындалды.


"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!