Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталады
© Сурет: Instagram/justice_for_sherzat
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 11 желтоқсанда Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, тергеу аяқталу сатысында.
"Жыл соңына дейін біз барлық сараптама нәтижелерін алып, тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Қылмыстық іске қатысы бар 11 адам қазір қамауда. Прокурормен келіскеннен кейін айып тағылады артынша қылмыстық іс материалдары таныстырылымға жіберіледі",- деді Санжар Әділов.
Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, 11 күдікті қамауға алынды.
Сондай-ақ, 9 желтоқсанда Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаев асылып өлген. Кейінірек Алматы облыстық полиция департаменті 16 жастағы жасөспірімнің ағасының өлерінен бұрын жазған хатын жариялады.
Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті.
Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері 2024 жылғы 10 желтоқсанда Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады. Полиция оның жерлеу рәсімі кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қауіп төндіргенін хабарлады.
Кейінірек Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов 16 жастағы Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілгенін айтты.
Артынша Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.
Сонымен бірге Қаржаубай Нұрымовтың туысы Бақыт Реймова "ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзып, жұртты митингіге шақырды" деп айыпталып, сот оны да 15 күнге қамау туралы шешім шығарды. Бұған қоса, басқа елдің азаматы болғаны үшін Қазақстаннан депортацияламақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 11 желтоқсан 2024
«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 11 желтоқсан 2024
«Жазғы доңғалақпен жүрген». Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті
-
21:44, 11 желтоқсан 2024
Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалған