Тоқаев елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 20 сәуірде елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің айтуынша, басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады.
"Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады. Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", делінген Ақорда жариялаған Президент құттықтауында.
Бұған дейін 19 сәуірде Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:08, 12 шілде 2026
Джеки Чан Алматыға келеді: полиция күшейтілген дайындыққа көшті
-
22:05, 12 шілде 2026
Қазақстандық 12 боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шықты
-
20:29, 12 шілде 2026
Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады
-
19:08, 12 шілде 2026
Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды
-
19:01, 12 шілде 2026
Тоқаев Қатар әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты





