Тоқаев Чех мемлекетін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11:00, 28 қазан 2024

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!